KZTO 837,00 (-0,36%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 837,00 (-0,36%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

2024 жылдың 1 тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемін 10%-ға ұлғайтты

 24.04.2024    534
«ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылдың I тоқсанының өндірістік қорытындысын шығарды. Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке 11 млн 379 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2023 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 1 млн 30 мың тоннаға артық.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды тасымалдау көлемі 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27 мың тоннаға ұлғайып, 4 млн 327 мың тоннаны құрады.  «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 1 млн 414 мың тонна,

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – 1 млн 360 мың тонна жеткізілді, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС – 1 млн 458 мың тонна, «CASPI BITUM» БК» ЖШС 95 мың тонна.

«Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 2 млн 514 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылғы 1 тоқсандағы көрсеткіштен 105 мың тоннаға артық.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі бойынша 2 млн 876 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2023 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 201 мың тоннаға артық.

«Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырына 2 млн 775 мың тонна мұнай ауыстырып тиелді. 2023 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда көрсеткіш 11 мың тоннаға артты.

«Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 121 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылғы 1 тоқсандағы көрсеткіштен 599 мың тоннаға артық.

«ҚазТрансОйл» АҚ қуатын пайдалана отырып, Ақтау портындағы танкерлерге мұнай құю 856 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылғы 1 тоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 172 мың тоннаға артық.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайдың жеке жүк айналымы 8 млрд 691 млн тонна-километрді құрады, бұл 2023 жылғы ұқсас көрсеткіштен 383 млн тонна-километрге артық.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 4 млн 768 мың тонна тасымалданды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 124 мың тоннаға артық. Жүк айналымы 4 млрд 243 млн тонна-километрді құрады, бұл 2023 жылдың 1 тоқсанындағы нәтижеден 44 млн тонна-километрге артық.

Мұнайды «МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры арқылы тасымалдау көлемі 1 млн 473 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 86 мың тоннаға артық. Жүк айналымы 45 млн тонна-километрге артып, 604 млн тонна-километрді құрады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ және «Petrotrans Limited» компаниясының компаниялар тобы бойынша есепті кезеңде мұнай, мұнай өнімдері мен газды ауыстырып тиеу көлемі 456 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71 мың тоннаға артық.

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 11 млрд 121 млн тонна-километрді құрады, бұл 2023 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 428 млн тонна-километрге артық.
 
Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахан-Маңғышлақ» су құбыры бойынша «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС 5 млн 926 мың текше метр тұщы су берді, 2023 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда су жеткізу көлемінің азаюы 735 мың текше метрді құрады.
 

«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Магистральдық Суағызғы» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесіне ие. «Магистральдық Суағызғы» ЖШС «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының меншік иесі.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (БМТ) – «ҚазТрансОйл» АҚ-тың еншілес ұйымы (100 %). БМТ арқылы Грузиядағы өндірістік активтерді тікелей иелену және басқару жүзеге асырылады.

«Petrotrans Limited» жауапкершілігі шектеулі жеке компания (PTL) – »ҚазТрансОйл» АҚ еншілес ұйымы (100 %). PTL Закавказье дәлізі бойынша жүктерді экспедициялау бойынша қызметтер көрсетеді, Каспий өңірінен Грузия арқылы көлік қызметтерін ұсынады және мұнай мен мұнай өнімдерін экспедициялау бойынша қызметтер көрсетуге байланысты кәсіпкерлік және операциялық қызметті жүзеге асырады.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС – »ҚазТрансОйл» АҚ (50 %) және China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd. (50 %) бірлескен кәсіпорны, «Кеңқияқ-Құмкөл» және »АтасуАлашанькоу» магистральдық мұнай құбырларын иеленуші.

«МұнайТас» ЖШС – «ҚазТрансОйл» АҚ (51 %) және CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) бірлескен кәсіпорны, «Кеңқияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану жөніндегі жобаны іске асыру мақсатында құрылған.
 
Реакция:
Серiктестер