KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ эвакуацияланған Құлсары тұрғындарына көмектесуде

 09.04.2024    1463
«ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы Құлсары қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен 19 адамға «Бейнеу» ЖӨДС жатақханасынан орын берді. Қазір су тасқынынан зардап шеккен әйелдер мен балалар қауіпсіз жерде орналасқан. Олар ең қажетті деген заттармен, 3 мезгіл ыстық тамақпен, төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Мұнайқұбыршылар Құлсары қаласының 100 тұрғынын бірінші қажеттіліктегі құралдармен, азық-түлікпен, киім-кешектермен, аяқ киіммен, шаруашылық және балалар тауарларымен қамтамасыз етті. Эвакуацияланған азаматтар Маңғыстау облысы Өмірзақ ауылының орта мектебінде өндірістік аймаққа жақын орналасқан.

Бұдан басқа, Ақтау қаласының 17 шағын ауданының жатақханасында Құлсарыдан көшірілген тұрғындарға бірінші кезекте керек-жарақ заттары мен азық-түлік, оқушыларға кеңсе құралдары жеткізілді. Жатақхананың 780 тұрғыны үшін түскі және кешкі ас ұйымдастыру жоспарлануда.

 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер