KZTO 878,00 (-1,99)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 878,00 (-1,99)

«ҚазТрансОйл» АҚ ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады

 26.05.2025    314

«ҚазТрансОйл» АҚ ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің ISO/IEC 27001:2022 халықаралық стандартына сәйкестігі бойынша сертификаттау аудитінен сәтті өтті.

Аудит барысында компанияның негізгі қызметі ескеріле отырып, сертификаттау саласы нақтыланды және кеңейтілді. Оның қорытындысы бойынша «Магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау қызметтерін көрсету үшін IT-инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету» қолдану саласына сәйкестік сертификаты берілді.

Аудитті TUV Thuringen e.V. тәуелсіз халықаралық сертификаттау органының өкілі – TUV Thuringen Kazakhstan компаниясы жүргізді.

Серiктестер