KZTO 864,00 (+1,65)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 864,00 (+1,65)

Отандық автокөлік өнеркәсібін қолдау: «ҚазТрансОйл» АҚ қазақстандық өндірушіден 16 автомобиль сатып алды

 16.10.2025    45

Мемлекет басшысының отандық тауар өндірушілерді қолдау және ұлттық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі Жолдауын іске асыру аясында «ҚазТрансОйл» АҚ қазақстандық қамту үлесін арттыру және отандық кәсіпорындармен серіктестік қатынастарды нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Қазақстандық қамту үлесін ұлғайту мақсатында компания отандық өндіруші – Allur компаниялар тобына кіретін «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нен (Қостанай қ.) 16 пикап сатып алды. Жаңа техника өңірлік өндірістік басқармалардың апаттық-қалпына келтіру бөлімшелері қызметкерлерін тасымалдауға арналған және магистральдық мұнай құбырларының желілік бөлігіне қызмет көрсетудің жеделдігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы бағыттағы жұмысты жалғастыра отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ отандық өндірушілермен алты бірлік арнайы және тиеу-түсіру техникасын, бір жылжымалы зертхана автомобилін, сондай-ақ төрт автобус пен бес вахталық автомобиль жеткізуге шарттар жасасты.

Компания әрдайым ашықтық пен отандық жеткізушілерге басымдық беру қағидаттарын ұстанып келеді. Мұндай серіктестік қатынастар ұлттық экономиканы нығайтуға, өнеркәсіптік әлеуетті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

Серiктестер