KZTO 858,03 (+0,94)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 858,03 (+0,94)

«ҚазТрансОйл» АҚ мен «Транснефть» ААҚ «Ресей энергетикалық апталығы – 2025» форумы аясында ынтымақтастық туралы келісімді ұзартты

 16.10.2025    35

Мәскеуде «Ресей энергетикалық апталығы – 2025» халықаралық форумы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, салалық компаниялардың және дипломатиялық корпус өкілдерін қоса алғанда, әлемнің 85 елінен келген 5000-нан астам қатысушы жиналды.

«ҚазТрансОйл» АҚ басшылығының делегациясы «Транснефть» ААҚ шақыруымен форумның іскерлік бағдарламасына қатысты.

Негізгі іс-шаралар өткен «Манеж» Орталық көрме залында  «ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері форумның ашылу рәсіміне және «Транснефть» ААҚ экспозициясына қатысты. Онда оларға мұнай тасымалдау саласындағы заманауи технологиялық шешімдер мен инновациялық жобалар таныстырылды.

Форум аясында «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Транснефть» ААҚ өкілдерінің кездесуі өтті. Оның қорытындысы бойынша тараптар 2023 жылғы қыркүйекте Астанада жасалған Ынтымақтастық туралы келісімді ұзарту жөніндегі құжатқа қол қойды.

Келісім компаниялардың серіктестік қатынастарды дамыту және мұнай тасымалдау саласының негізгі бағыттары бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру ниетін, сондай-ақ өзара ынтымақтастықты тереңдетуге, кәсіби байланыстарды нығайтуға және мұнай тасымалдаудың тиімділігі мен сенімділігін арттыру саласында тәжірибе алмасуға деген ұмтылысын растады.



Серiктестер