KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Басқарма

Басқарма «ҚазТрансОйл» АҚ-тың ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асыратын алқалы атқарушы органы болып табылады.
 
Басқарма Акционерлердің жалпы жиналысының және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.
 
Басқарма қызметінің негізгі қағидаттары адалдық, әдептілік, парасаттылық, байқағыштық, жүйелілік, сондай-ақ Қоғам акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін барынша сақтау және Акционерлердің жалпы жиналысы мен «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің шешімдеріне есеп беру болып табылады.
 
Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Жарғысына сәйкес оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
 
Басқарманы оның жұмысын ұйымдастыратын және үйлестіретін бас директор (Басқарма төрағасы) басқарады.
 
Басқарманың сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, бас директорды (Басқарма төрағасын) және Басқарма мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Жарғысына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
 

Басқарма құрамы

АРМАН ҚАСЕНОВ
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы)
Азаматтық: Қазақстан
Темірхан Әбдіров
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары
Әміржан Оспанов
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
Алмас Оңғарсынов
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары
Жайдарман Исақов
«ҚазТрансОйл» АҚ заң мәселелері жөніндегі басқарушы директор
Ғазиз Қошанов
«ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директор

Құжаттар

«ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасы туралы ереже (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    383.31Кб    452
Серiктестер