KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Директорлар кеңесінің құрамы

Адриан Фрейсине
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Ағымдағы сайлау күні: 2021 жылғы 25 қараша

Азаматтығы: Швейцария Конфедерациясы.

Туған күні: 1979 жыл 13 желтоқсан.

Білімі: Wheaton College (АҚШ, Массачусетс штаты) бакалавр және Джорджтаун университетінің (АҚШ, Колумбия округі) және ESADE Бизнес мектебінің (Испания) іскерлік әкімшілік магистрі (МВА) дәрежесі бар.

Жұмыс тәжірибесі: Тікелей инвестициялар мен экономиканың түрлі секторларында консультациялар беру саласында елеулі халықаралық тәжірибесі бар. Өсу мүмкіндіктерін анықтауға, сондай-ақ қосылған құнды алуға бағытталған стратегияларды айқындауға маманданған. Rothschild&Co компаниясындағы өзінің мансабының басынан бастап Baring Vostok Capital Partners және халықаралық қаржы корпорациясында басшылық қызметтерді атқарды, Дүниежүзілік банк тобының мүшесі болды, онда Африкада, Азияда, Латын Америкасында, Ресейде және ТМД елдерінде инвестициялармен айналысты және оларды басқарды.

Қоса атқарылатын жұмыс және директорлар кеңестерінде мүшелік ету: Басқа ұйымдардың басқару органдарының құрамына кірмейді.

Компанияның акцияларын иелену: Иеленген жоқ.

Компанияға өнім берушілердің және бәсекелестердің акцияларын иелену: Иеленген жоқ.
Серiктестер