KZTO 810,00 (+0,25)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 810,00 (+0,25)

Әрдайым көмектесеміз

 21.02.2023    908

Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы №10 МАС-тың қызметкері Проценко Надежда Николаевнаның баспанасы өртке оранды. 

Өрт кезінде тұрғын үйі толықтай жанып кетті. Үш бала, қарт анасы, күйеуі мен өзі тілсіз жаудан қашып шығып, бақытқа қарай аман қалды. Бірақ баспаналарынан айырылды. Бұл төтенше жағдайды ести салысымен басқарма бастығы жедел түрде кәсіподақ және кадрлар қызметінің маманымен оқиға орнына барды. Барлық жағдайды салмақтағаннан кейін зардап шеккен отбасыны ШОҚБ-ның қызметтік жатақханасына орналастырды. Тамақтандырып, барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілді. 

Сонымен қатар ШОҚБ-ның бастығы Сабыржан Нұрғалиевтің өкімімен зардап шеккен отбасыға уақытша екі бөлмелі қызметтік пәтер бөлінді. 


Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер