KZTO 827,00 (+0,98%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 827,00 (+0,98%)

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері Қазақстан мұнайының 125 жылдығына орай мемлекеттік наградаларға ие болды

 29.08.2024    294
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мұнай-газ саласының 125 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сала қызметкерлерін  атаулы күнмен құттықтады.
Президент еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қомақты үлес қосқан еңбеккерлерге мемлекеттік наградаларды табыс етті. Олардың ішінде жоғары марапаттарға ие болған «ҚазТрансОйл» АҚ-тың қызметкерлері де бар.
Құлсары мұнай құбыры басқармасына қарасты «Құлсары» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясының «Айранкөл» қабылдау-тапсыру пунктінің химиялық талдау зертханашысы Мәншүк Баитова «Құрмет» орденімен марапатталды.
Шымкент мұнай құбыры басқармасы тіректі апаттық-қалпына келтіру пунктінің желілік құбыршысы Қанат Құдайбергенов пен Атырау мұнай құбыры басқармасы өндірістік қызмет көрсету базасы жылу-сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жөндеу мен қызмет көрсету учаскесінің жылу-сумен жабдықтау және кәріз жүйесі шебері Оралбек Жұмабаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Әріптестерімізді лайықты наградаларымен шын жүректен құттықтаймыз!



Реакция:
Серiктестер