KZTO 866,50 (+1,35)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 866,50 (+1,35)

«Кеңқияқ» БМАС торапты жаңғырту нәтижесінде «ҚазТрансОйл» жыл сайын 18 миллион теңгеден астам қаражатты үнемдейді

 19.05.2025    162

«ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылғы 13 мен 15 мамыр аралығында Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының «Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясындағы №14 торапты жаңғырту жұмыстарын сәтті аяқтады. Бұл шаралар өндірістік тиімділікті арттыруға және пайдалану шығындарын азайтуға бағытталған.

Жоба аясында диаметрі 530 мм  қысым құбырында ағып кетуді бақылау жүйесі бар электр жетекті шар крандарын монтаждау жұмыстары жүргізілді. Бұл техникалық шешім «Кеңқияқ — Атырау» магистральдық мұнай құбыры арқылы НМ 1250/260 сорғы агрегаттарымен мұнайды «АВЕРС» режимінде бөлек айдауға  мүмкіндік береді.

Күтілетін экономикалық тиімділік – пайдалану шығындарын жыл сайын 18 миллион теңгеден астам сомаға төмендету.

Қайта құру жұмыстарының негізгі нәтижелері:

  • Сорғы қондырғыларының жұмысын оңтайландыру арқылы энергия тиімділігін арттыру;
  • Мұнай тасымалдау көлемін бұрынғы деңгейде сақтай отырып, электр энергиясын тұтынуды азайту;
  • Ескірген жабдықтар мен қосалқы инфрақұрылымды пайдаланудан шығару арқылы техникалық қызмет көрсету және жөндеу шығындарын қысқарту.

Компания инфрақұрылымды дамытуға, шығындарды азайтуға және тұрақты операциялық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жобаларды іске асыруды жалғастырады.

Серiктестер