KZTO 803,50 (+0,01)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 803,50 (+0,01)

«ҚазТрансОйл» АҚ қауіпсіздік саласындағы көшбасшылығын растады

 21.08.2025    30

Қалмық елінің Элиста қаласында 28 команда мен 600-ден астам қонақты жинаған Каспий Құбыр Консорциумының 13-ші жыл сайынғы Қауіпсіздік күні өтті. Бұл шарада елімізді «ҚазТрансОйл» АҚ және оның еншілес компаниясы – «Магистралды Су құбыры» ЖШС абыроймен таныстырды.

Көшбасшылар саммитінің қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ «Өндірістік қауіпсіздік мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясында 1-орынды және «Мердігер ұйымдар қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға қосқан үлесі үшін» номинациясында 3-орынды иеленді.

Сонымен қатар,  әріптестеріміз «Ұлы Дала эпосы» стиліндегі командалық сайыстарда да жарқын өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Өндірістік қауіпсіздік саласындағы еңбектеріңіздің лайықты бағалануы зор жетістік. Жеңіс құтты болсын!



Серiктестер