KZTO 963,20 (+1,88)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 963,20 (+1,88)

338 гектар таза аумақ, 10 мың жаңа ағаш – компанияның «Таза Қазақстанға» қосқан үлесі

 12.01.2026    61

2025 жылы «ҚазТрансОйл» қоршаған ортаны қорғау мәдениетін дамытуға және аумақтардың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын іске асыруға белсенді қатысты.

Экологиялық нәтижелер

Компания қызметкерлері өткізген сенбіліктер мен экологиялық науқандар барысында 338 гектардан астам аумақ тазартылды, 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды, сонымен қатар 148 тоннадан астам қалдық жиналып шығарылды.

Компания қызметкерлерінің табиғатқа қамқорлығы тек өндірістік аумақтармен шектелмей, қалалық саябақтарда, жағалауларда, тарихи орындарда және мектеп алаңдарында да жүзеге асырылып, аймақтардағы тұрғындар үшін қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыруға ықпал етті.

Сонымен қатар компания қызметкерлері «1 адам – 5 ағаш» атты ауқымды ұлттық экологиялық эстафетаға белсенді қатысып, өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетті.

Экологиялық іс-шараларға жалпы алғанда «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 3 000-ға жуық қызметкері атсалысты.

Биоалуантүрлілікті сақтау – жүйелі жұмыс

Тазалау және көгалдандыру шараларымен қатар, компания экожүйелер мен биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Атап айтқанда, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 100 пайыздық еншілес компаниясы – «Магистральдық Су құбыры» ЖШС 2025 жылы Қиғаш өзеніне бекіре тұқымдас: шоқыр, сүйрік, шип, бекіре және қара шабақтың 52 000-нан астам түрін жіберді. Салыстыру үшін айта кетсек, 2024 жылы Қиғаш өзеніне 23 600-ден астам бекіре шабағы жіберілген болатын. Бұл компанияның қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жүйелі әрі ұзақмерзімді көзқарасын айқын көрсетеді.

Бұл тұрғыда бекіре тұқымдас балықтар популяциясын толықтыру жұмыстары ағымдағы жылы да жалғасын табатынын айта кеткен жөн.

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері акцияға қатысу арқылы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, осы бағытта жауапкершілікті арттыруға және ұлт болмысына тән тазалық идеясын насихаттауға үлес қосып келеді. Компания әрі қарай да «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, жасыл желекті кеңейту, қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлілікті сақтау бағытындағы іс-шараларды ESG-стратегиясы аясында жүйелі түрде жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Серiктестер