KZTO 833,20 (-0,44%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 833,20 (-0,44%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ пен «Транснефть» ЖАҚ 18 қазақстандық мұнай компанияларына жарамсыз мұнай үшін өтемақы төлеу келісіміне қол қойды

 27.11.2019    251
2019 жылғы сәуір-мамыр айларында «Дружба» магистральдық мұнай құбырлары жүйесіндегі 38 қазақстандық мұнай компаниясының шамамен 699 мың тонна мұнайының ластануымен байланысты орын алған оқиғаны реттеу аясында, «ҚазТрансОйл» АҚ, осы компаниялардың атынан әрекет ететін, «Транснефть» ЖАҚ-пен тағы 18 қазақстандық мұнай компаниясына жарамсыз мұнай үшін өтемақы төлеу туралы келісімге қол қойды. «Қазақстандық мұнай компанияларына өтемақы төлеу туралы келісімдерге қол қою жұмыстары жалғасуда. Осы жылдың 7 қарашасында біз 14 қазақстандық мұнай компаниясының пайдасына келісім жасадық. Бүгін 18 компанияның мүдделері үшін ұқсас құжаттарға қол қойдық. Қалған 6 компанияның пайдасына келісімдер олар дайын болған кезде жасалады», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы сәуір-мамыр айларында «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінде тасымалданатын мұнайда хлорорганикалық қосылыстардың жоғары шоғырлануына байланысты төтенше жағдай орын алды, ол өз кезегінде жарамсыз мұнайды қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін Усть-Луга портындағы танкерлерге тиеуге әкелді. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы ретінде «Дружба» магистральдық мұнай құбыры жүйесінде мұнайы ластанған 38 қазақстандық мұнай компаниясының атынан әрекет етеді және «Транснефть» ЖАҚ-пен өтемақы төлеу туралы келісімдерге қол қою жұмыстарын жүргізуде.

«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер