KZTO 834,00 (-0,24%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,00 (-0,24%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы экологиялық акцияны қолдады

 18.04.2024    821
Халықаралық құстар күніне арналған экологиялық акция аясында «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы қызметкерлерінің балалары қайта өңделген материалдардан құстарға арналған қоректендіргіштер жасап, үйлерінің жанына орнатты.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының келесі қызметкерлеріне және олардың балаларына табиғатты сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға қосқан үлесі үшін зор алғысын білдіреді:
  • ​Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының өндірістік қызмет көрсету базасының жылу-газ-сумен жабдықтау және кәріз жөндеу және қызмет көрсету учаскесінің бастығы Ашир Ашуров пен оның қызы Әлия Ашурова;
  • Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының Орталық химия зертханасының химиялық талдау зертханашысы Елена Буркальцева және оның ұлдары Даниил, Кирилл, қызы Екатерина Буркальцева;
  • Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының Орталық химия зертханасының химиялық талдау зертханашысы Дәмели Күнтуарова мен оның ұлы Нұрдәулет Күнтуар;
  • Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының технологиялық көлік және арнайы техника жеңіл цехының автомобиль жүргізушісі Нұрболат Қонысбайұлы мен оның ұлы Айқын Нұрболатұлы;
  • Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Жетібай» МАС қабылдап-тапсыру пунктінің жетекші инженері Елена Феронова-Попова және оның ұлы Тимофей Попов.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер