KZTO 840,00 (-0,36%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,00 (-0,36%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

ҚазТрансОйл басшылығының жұмысшылар алдындағы есебі басталды

 06.05.2022    415
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және төтенше жағдайлар департаментінің директоры Асқар Қабылов компанияның YouTube арнасына тікелей эфирге шығып, жұмыскерлердің сұрақтарына жауап берді. Осылайша, Асқар Қабылов басшылықпен өтетін тікелей эфир желісін бастап берді. Сұхбат кезінде жұмысшылардың назарына 2021 жылы компанияда өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында атқарылған жұмыс бойынша есеп берілді. Көрермендер спикерге бірқатар сұрақ қойды. Сауалдарға жауап қата отырып, Асқар Қабылов өндірістегі жаңалықтарға да тоқтала кетті.


Естеріңізге сала кетейік, басшылықпен тікелей эфир жүргізу жобасы әрі қарай жалғасын табады. Келесі эфир 19 мамыр күні сағат 16.00 де өтеді. Студия қонағы – «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының басшысы Жолдасов Асқар Дәрібайұлы. 

Айсамал ӘБІЛХАН
Реакция:
Серiктестер