KZTO 843,00 (+1,08%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 843,00 (+1,08%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері ҚМГ компаниялар тобының «Үздік маман» байқауында жүлделі орындарға ие болды

 11.10.2022    1244

Қызылордада «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының жұмысшы мамандықтарының қызметкерлері арасында  «Үздік маман» байқауы аяқталды. Қатысушылар мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор, ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор, тауар операторы, қабат қысымын ұстап тұру жөніндегі оператор, технологиялық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь, электр газбен дәнекерлеуші, электромонтер, химиялық талдау зертханашысы, технологиялық қондырғылар операторы, Компрессорлық қондырғылар машинисі, ұңғымаларды күрделі жөндеу бригадасы, жерасты ұңғымаларды жөндеу.

«ҚазТрансОйл» АҚ командасын 5 қызметкер ұсынды, олардың барлығы жүлделі орындарға ие болды.

Үздік электр газбен дәнекерлеуші

1 орын - Нұрбек Жексенбаев, Құлсары мұнай құбыры басқармасы

Технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету бойынша үздік слесарь

1 орын - Рысбек Сәрсенғалиев, Батыс операторлық қызмет көрсету басқармасы

Үздік тауар операторы

1 орын - Жетіген Шаяхмет және Құдайберген Арынов, Атырау мұнай құбыры басқармасы.

Үздік химиялық талдау зертханашысы

1 орын - Арайгүл Кемсай, Атырау мұнай құбыры басқармасы

Үздік электромонтер

4 орын - Александр Еремин, Павлодар мұнай құбыры басқармасы

Байқауда Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласының мұнай-газ саласының 17 жетекші кәсіпорындарынан барлығы 119 қатысушы конкурста жеңіске жету үшін күресті.

Жарыс екі кезеңде өтті: біріншісі-тестілеу әдісімен теориялық білімді тексеру, екіншісі – «Ақшабұлақ» және «Нұралы» кен орындарының өндірістік объектілерінде практикалық тапсырмаларды орындау.

Реакция:
Серiктестер