KZTO 836,05 (-0,23%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 836,05 (-0,23%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының құрамы өзгертілді

 13.03.2023    631

Темірхан Қайырбекұлы Әбдіров «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 6 наурыздағы шешімімен Темірхан Әбдіров «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды.

Мұнай құбыры саласындағы жұмыс тәжірибесі 27 жылды құрайды. Темірхан Әбдіров «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланғанға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының бастығы болған. Әр жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ операторлық қызмет көрсету департаментінің директоры, «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ бас директоры, «ҚазТрансОйл» АҚ Қарағанды ​​мұнай құбыры басқармасының бастығы, «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасының бастығы, «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы директорының бірінші орынбасары - бас инженер, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының бас инженері – директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Темірхан Әбдіров Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Газ және мұнай құбырлары мен газ және мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша, О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіру» мамандығы бойынша білім алған.

Реакция:
Серiктестер