KZTO 828,00 (-0,24%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 828,00 (-0,24%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«Кеңқияқ – Құмкөл» магистральдық мұнай құбыры объектісінде апатқа қарсы жаттығу өткізілді

 04.07.2024    44
«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс және Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармаларының қызметкерлері «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральдық мұнай құбырының «Арал» тірек апаттық-қалпына келтіру пунктінде апатқа қарсы жаттығуға қатысты.

Сценарий бойынша «Кеңқияқ – Құмкөл» магистральдық мұнай құбырының желілік кран торабының желілік бекіткіш арматурасына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу кезінде Ду 800 Ру64 желілік шар кранының зақымдануы анықталды. Бұдан әрі апатқа қарсы жаттығуға қатысушылар өртті сөндіріп, «зардап шегушіге» алғашқы көмек көрсету бойынша іс-қимылдарды пысықтады.

Нәтижесінде «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральдық мұнай құбырының «Арал» тірек апаттық-қалпына келтіру пункті объектілерінің техникалық жай-күйі мен аварияларды жоюға дайындығы тексерілді. Ықтимал өртті сөндіру барысында қызметкерлердің жұмыла әрекет жасап, төтенше жағдай туындаған кездегі практикалық дағдылары пысықталды.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер