KZTO 837,00 (-0,36%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 837,00 (-0,36%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Маңғыстауда «Кел, жарысайық!» эстафетасы өтті

 25.07.2022    513
«ҚазТрансОйл» АҚ 25 жылдығы аясында Маңғыстау мұнай құбыры басқармасында «Кел, жарысайық!» эстафетасы ұйымдастырылды. Отбасылық жарыстар Каспий теңізінің жағасында - ашық аспан астында өтті.  Басқарманың барлық бөлімшелерінен 13 отбасы – оның ішінде әкесі, анасы және баласы қатысты.

Эстафета басталмас бұрын Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бастығы Асқар Жолдасов барлық қатысушыларды құттықтап, отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда мұндай шаралардың маңызын атады.

Өйткені негізгі мақсат та сол – бірлескен жобаларда ата ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайтып, позитивті жақсы көңіл - күй сыйлап, салауатты өмір салтын ұстанушы ата-ана ретінде балаға үлгі болу. Ең бастысы, «жанұя – бір команда» екенін сезіндіру.  

Ойындар кезінде қатысушылар жұдырықтай жұмылып,  өздерінің жылдамдықтары мен ептіліктерін көрсете белді. Ата-ана баласына, баласы ата-анасына қолдау көрсетіп жатты. 

Сайысты танымал шоумен Алтай Мекебаев жүргізді. Бұл бір естен кетпес дода болды.

Эстафета нәтижесінде 1 орынды орталық қойма жүк тиеушісі Бекзат Есполовтың жанұясы, 2 орынды «Өзен» БМАС электромонтері Тимур Қорғанбаевтың жанұясы, 3 орынды Маңғыстау МҚБ бастығы Асқар Жолдасовтың жанұясы жеңіп алды.







Жеңімпаздар және барлық қатысушылар дипломдар және «Симба» дүкенінің сертификаттарымен марапатталды. Сонымен қатар барлық сайыскерлер теңіз жағасында жайылған дастарханның қонағы болды. 

 
Реакция:
Серiктестер