KZTO 840,21 (-0,33%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,21 (-0,33%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Павлодарда «Үздік маман» байқауының екінші кезеңі басталды

 26.07.2022    687
Павлодар мұнай құбыры басқармасының базасында компанияның дербес құрылымдық бөлімшелерінде өткен бірінші кезеңнің жеңімпаздары арасында «Үздік маман» кәсіби шеберлік конкурсының екінші кезеңі басталды. Конкурста құрылымдық бөлімшелердің (Атырау, Маңғыстау, Құлсары, Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Шымкент мұнай құбырлары басқармалары мен Шығыс және Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармалары) жоғары білікті мамандары өз кәсіби шеберліктерін сынға салуда. 

- Карантиндік шектеулерге байланысты соңғы жылдары компаниямызда мұндай конкурстар өткізілген жоқ. Биылдан бастап әлеуметтік, кәсіби шеберлік  шаралары қайта қолға алына бастады.  Баршаларыңызға сәттілік серік болсын! – деп атап өтті конкурстың ашылу салтанатында сөз алған адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Исламдаут Акубаев. Ал Павлодар мұнай құбыры басқармасының бастығы Темірхан Әбдіров болса жарысқа келген әр қатысушы өз басқармаларында үздіктердің үздігі екенін  жеткізді.

Жалпы конкурсты өткізудің негізгі мақсаты - жұмысшылардың білімі мен кәсіби шеберліктерін шыңдау, жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және корпоративтік рухты дамыту. Үздіктерді конкурстық комиссия тәжірибелік тапсырманы орындау сапасы, теориялық дайындығы бойынша анықтайды.

 «Үздік маман» атағы үшін сайыс 4 мамандық бойынша өтуде. Олар: электр-газбен дәнекерлеуші, желілік құбыршы, технологиялық жабдықтарды (технологиялық қондырғыларды) жөндеуші слесарь, электр жабдықтарын жөндеуші және қызмет көрсетуші электр монтері. Құрылымдық бөлімшелерден барлығы 39 мұнайқұбыршы қатысуда.
 
 
Реакция:
Серiктестер