KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Студенттер ШМҚБ-да ақылы өндірістік тәжірибеден өтті

 11.08.2022    540
Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің  24 студенті Шымкент мұнай құбыры басқармасынан ақылы өндірістік тәжірибеден өтті.

Еске сала кетсек, 2019 жылы «ҚазТрансОйл» компаниясы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен инженер-техникалық және мұнай-газ мамандықтары бойынша кадрларды даярлау жөніндегі жобаны іске қосқан болатын.


Аталған жоба бойынша тәжірибеден өтуге келетін студенттер оқу үлгерімі және әлеуметтік, отбасылық жағдайына қарай іріктеледі.

Студенттер бір ай бойы Шымкент мұнай құбыры басқармасының базасы мен «Шымкент» бас мұнай айдау станцияларында өздерінің болашақ мамандықтарына қатысты қажетті дағдыларды үйреніп шықты.


Осы ретте Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің  механика және мұнай-газ ісі факультетінің 3 курс студенті Нұрболат Рүстем мұнай тасымалының қалай жүзеге асатыны туралы өз пікірімен бөлісті.  


«Менің мамандығым инженер-технолог болғандықтан «ҚазТрансОйлдағы» практика кезінде станоктарға әртүрлі әдістерді қолдануды және де оған қатысты материалдармен қалай жұмыс істеу керектігін үйрендім. Осы бір айлық тәжірибем маған болашақта үлкен септігін тигізеді деген сенімдемін», - деді ол.

Айта кетейік, «ҚазТрансОйл» АҚ компаниясы практикадан өткен студенттерді тегін тамақпен және арнайы киіммен де қамтамасыз етті.
 
Жансая Сыдықбай, ШМҚБ
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер