KZTO 839,30 (-0,08%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 839,30 (-0,08%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ командасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ спартакиадада медальдық есепті жеңіп алды

 12.08.2022    525
«ҚазТрансОйл» АҚ құрама командасы Атырау қаласында 8-11 тамыз аралығында өткен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес және тәуелді ұйымдары арасында өткен спартакиаданың бас жүлдегері атанды. Біздің спортшылар 6 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды.
«ҚазТрансОйл» командасының құрамына Павлодар, Жезқазған, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Құлсары, Маңғыстау  мұнай құбыры басқармаларының, орталық аппараттың, «ҚазТрансОйл» АҚ зерттеулер мен әзірлемелер орталығы» филиалының және  Шығыс операторлық қызмет көрсету басқармасының қызметкерлері кірді. Спортшылар шеберліктің жоғары деңгейін және жеңіске деген ерекше жігерді көрсетті.
Аралас эстафетада «ҚазТрансОйл» командасы 1 орынды, ерлер арасындағы шахмат бойынша – 1 орынды, ерлер арасындағы үлкен теннис бойынша – 1 орынды, әйелдер арасында жүгіру бойынша – 1 орынды, ерлер арасында жүгіру бойынша - 1 және 3 орынды, әйелдер арасында жүзу бойынша – 1 орынды, баскетбол және волейбол бойынша – 3 орынды иеленді.
«ҚазТрансОйл» АҚ командасына  алтын медаль әкелгендер:
Валерий Алаяров, КарМҚБ өлшеу құралдарын тексеру учаскесінің жетекші инженері;
Қанат Толыбаев,  «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппараты, активтерді басқару департаментінің бас менеджері,
Жанна Кетебаева, ЖМҚБ ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету учаскесінің инженер-бағдарламашысы;
Аян Қожағалиев,  Атырау МҚБ, Т. Қасымов атындағы МАС технологиялық насостардың машинисті
Алена Ильченко, ЗжӘО филиалының ЖСБ тобының жетекшісі.
Қола медальді КарМҚБ өндірістік қызмет көрсету базасының қазандық операторы Байжасар Елемес иеленді.
Жарысқа барлығы жалпы саны 400-ден астам адам, 15 команда қатысты, Спартакиада спорттың 10 түрі бойынша өтті олар: үстел теннисі, үлкен теннис, волейбол, баскетбол, жүзу, шағын футбол, тоғызқұмалақ, шахмат,  жеңіл атлетика және арқан тарту. Спорттық шара «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 20 жылдығына және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-ның 100 жылдығына орайластырылып өткізілді.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер