KZTO 839,30 (-0,08%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 839,30 (-0,08%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Ұлытауда эстафетамен бірге этно-тимбилдинг ұйымдастырды

 12.08.2022    499
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 25 жылдығын мерекелеу аясында Жезқазған мұнай құбыры басқармасында бастапқы кәсіподақ ұйымының қолдауымен басқарма мамандарының отбасылары арасында табиғат аясында «Кел, Жарысайық!» эстафетасы мен Ұлытауда этно-фестиваль ұйымдастырылды.



Жарыс Ұлытау тау оазисінің екі қасиетті шыңы - Едіге және Әулие тауларының етегінде ұйымдастырылды. Эстафетаға сегіз отбасы қатысты. Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып, барлық қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар арнайы кигіз үй тігіліп, түскі ас дайындалды.



-Балалар мен ата-аналлар ұмытылмас әсер, көңіл-күй, қызықты да спортқа толы күн, Ұлытау табиғаты және тарихымен танысуға жасалған мүмкіндік үшін алғыстарын жаудырды. Тимбилдинг барысында ересектер мен балалар танысып, жаңа достар тапты. Бір үлкен отбасы секілді демалыс күнін өте жемісті өткіздік. Бұл ЖМҚБ-дағы бірінші және соңғы тимбилдинг емес деп ойлаймын, - деп атап өтті басқарма бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Алмас Жауханов.




Айта кетерлігі, эстафетада Жаухановтар отбасы бірінші орынға ие болды.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер