KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ командасы КҚК ұйымдастырған «Қауіпсіздік күні» шарасында номинант атанды

 19.09.2022    370
Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ Атырауда ұйымдастырған 10-шы «Қауіпсіздік күні«шарасында «ҚазТрансОйл» АҚ командасы «Алға бас» номинациясын жеңіп алды.


Атап өту керек, мұндай іс-шара 10 жылдан бері компания акционерлерінің, мердігерлер мен өзге де серіктестерінің қатысуымен Ресей өңірлерінде өткізіліп келген. Атырауда алғаш рет ұйымдастырылған іс-шараға 700-ге тарта консорциумға қарасты мердігерлер компаниялар мен серіктестердің қызметкерлері қатысты. Олар қауіпсіздік техникасынан сайыста 28 команда команда құрап, бақ сынады. Жарысқа «ҚазТрансОйл» АҚ-нан Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы мен Атырау мұнай құбыры басқармасы қызметкерлерінен құрылған құрама команда мен «Магистральды су ағызғысы» командасы қатысты. Командалар 7 сайыс түрінен оқыс оқиғалардың түпкі себептерін тексеру мен анықтаудан бастап төтенше жағдай кезінде жедел іс-әрекеттер сынды бірнеше тапсырманы орындады.

 
Биыл «Алғырлар уақыты» атауымен өткен КТК-ның «Қауіпсіздік күні» сайысында «ҚазТрансОйл» АҚ командасы «Алға бас» номинациясын жеңіп алды. Ал, «Магистральды су ағызғысы» командасы «Алғырлар уақыты» номинациясында жеңімпаз танылды. Жалпы ұйымдастырушылар біздің компания атынан қатысқан командалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны, еңбекті қорғау бойынша стратегиялық қабілеттеріне, өндірістік қызметтің экологиялық қауіпсіздігін сақтаудағы іс-әрекеттеріне жоғары баға берді.


Нұрлыбек ҒИЗАТОВ
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер