KZTO 833,20 (-0,44%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 833,20 (-0,44%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Маңғыстау МҚБ командасы «ҚазТрансОйл» АҚ бірінші киберспорттық турнирінде жеңімпаз атанды

 14.11.2022    243
Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының командасы «ҚазТрансОйл» бойынша өткен бірінші киберспорттық турнирде «Counter Strike: Global Offensive» ойынында чемпион атанды. Турнирге Орталық аппарат, АтырауМҚБ, АқМҚБ, ЗӘО, МТБО, ШМҚБ, ҚМҚБ, ҚарМҚБ, ПМҚБ, БатысОҚКБ, ШығысОҚКБ, ЖМҚБ және ММҚБ – нан 13 команда қатысты. Маңғыстау МҚБ командасы Құлсары командасымен ақтық сайыста 2-0 есебімен жеңіске жетті.  Команда құрамында Еркебұлан Бекжанов - «Өзен» БМАС жүргізушісі, Мұхтар Рзиев - «Қаламқас» БМАС бастығының орынбасары, Руслан Құсайынов - «Жетыбай» МАС ауысым бастығы, Мырзабек Өтениязов – ӨҚДМҚУ инженері және Нұржан Әбілғазиев – байланыс қызметінің инженері (команда капитаны) ойнады.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер