KZTO 840,99 (+0,93%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,99 (+0,93%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Киелі Түркістанда «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының жастары бас қосты

 17.11.2022    234
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының жастары киелі Түркістанда бас қосты. Қор осыдан үш апта бұрын жас мамандарға арналған «Жас Самұрық» челленджін бастаған болатын. Шараға компаниялар тобынан 2000-ға тарта үміткер қатысуға ниет білдірді. Жас мамандар осы аралықта физикалық, эмоционалдық және зияткерлік бағыттар бойынша жеке тапсырмаларды орындады. Челлендж қорытындысы бойынша 200-ге жуық маман жастар форумына шақырту алды. Қасиетті Түркістан жеріндегі шараға әр өңірден келген 77 компанияның өкілі қатысты, оның ішінде 3 маман «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкері.


- Өте керемет болды. Бірінші кезекте челенджді ұйымдастыру, біз оның арқасында тарихи Түркістан шаһарын көруге мүмкіндік алдық, форумда Топ-менеджерлерімен сөйлесуге және олардың тың идеяларын тыңдадық.  Олардан жастар саясатының қолдауы сезіледі. Сондай-ақ, басқа компания жастарымен қарым-қатынас жасауға, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды,- дейді Павлодар МҚБ байланыс бойынша инженері Станислав Кипко.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер