KZTO 840,99 (+0,93%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,99 (+0,93%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент мұнай құбыры басқармасында Еркінбек Жайымбаевты зейнет демалысына құрметпен шығарып салды

 28.03.2024    1220
Еркінбек Жайымбаев – Шымкент мұнай құбыры басқармасы «Шолаққорған» БМАС еңбек қорғау жөніндегі инженері болып еңбек етті. Мұнай тасымалы саласында еңбек өтілі – 35 жыл. Биыл наурыз мерекесінің қарсаңында құрметті демалысына шықты.
 
Еңбек жолын 1989 жылы сол кездегі «Шолаққорған» ЖӨДС технологиялық жабдықтарды жөндеу бойынша слесарі болудан бастаған. Одан кейін 1992-97 жылдар аралығында жылумен және сумен қамтамасыз ету жөніндегі шебері, 1997-2004 жылдары слесарь-сантехник, 2004 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанша еңбек қорғау инженері болып еңбек етті.
 
2007 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ 10 жыл» естелік төсбелгісімен марапатталды.
 
«Шолаққорған» бас мұнай айдау станциясының апатсыз жұмыс істеп, өндірістік көрсеткіші алға басуына Еркінбек Жасымбекұлының қосқан үлесі зор. Ол жас мамандарды тәрбиелеп, тәлім беруде аянып қалған емес. Ұжымда соңғы 20 жылдан бері өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша еңбек етіп жатқан мамандардың бәрі де білікті майталманнан тәлім алды.  ШМҚБ бастығы Асқар Карибаев кешегі әріптес, бүгінгі зейнеткерге көп жыл атқарған еңбегінің игілікті құрметін көре беруіне тілектестік білдіріп, иығына шапан жапты.
 
Жансая Сыдықбай,
«ҚазТрансОйл» АҚ
Шымкент мұнай құбыры басқармасының
қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі маманы
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер