KZTO 823,00 (+0,73%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 823,00 (+0,73%)

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері 55 тоннаға жуық қоқыс жинады

 12.08.2024    18
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 10 тамызда «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Ұлытау және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласы бойынша 519 қызметкер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының сенбілігіне қатысты.

Олар 54,8 тонна қоқыс жинады, оның 30 тоннасы Ақтаудағы Каспий теңізінің жағалауынан шығарылды.
 
Сенбілік барысында Ақтөбе облысындағы Темір өзені, Атырау облысындағы Жайық өзені, Жетісу облысындағы Алакөл көлінің аумағы, сондай-ақ Шымкент қаласындағы алабындағы қоқыстар тазартылды.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер