Павлодар мұнай құбыры басқармасына қарасты «Екібастұз» мұнай айдау станциясында санитарлық-тұрмыстық корпустың құрылысы жалғасуда. Бүгінгі күні мердігер компания аталмыш ғимараттың цокольдық қабатының құрылысын аяқтаған.
Барлық инженерлік коммуникациялар тартылды, қазіргі уақытта бірінші қабаттың блок-бокстарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Блок-бокстар арнайы тапсырыс бойынша жасалған. Жаңа корпус барлық санитарлық-гигиеналық, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді және замануи үлгі бойынша салынуда, - дейді басқарманың күрделі құрылыс және күрделі жөндеу қызметінің бастығы Жанат Исагулов.
Әкімшілік ғимаратта асхана, инженерлік-техникалық қызметкерлерге арналған қызметтік бөлмелер, мәжіліс залы, медициналық пункт және демалыс бөлмесі қарастырылған. Мұның барлығы қызметкерлерге компания тарапынан әлеуметтік жайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда.