KZTO 814,00 (-0,35%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (-0,35%)

«Екібастұз» мұнай айдау станциясында санитарлық-тұрмыстық корпустың құрылысы жалғасуда

 08.02.2024    2410
Павлодар мұнай құбыры басқармасына қарасты «Екібастұз» мұнай айдау станциясында санитарлық-тұрмыстық корпустың құрылысы жалғасуда. Бүгінгі күні мердігер компания аталмыш ғимараттың цокольдық қабатының құрылысын аяқтаған.

Барлық инженерлік коммуникациялар тартылды, қазіргі уақытта бірінші қабаттың блок-бокстарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Блок-бокстар арнайы тапсырыс бойынша жасалған. Жаңа корпус барлық санитарлық-гигиеналық, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді және замануи үлгі бойынша салынуда, - дейді басқарманың күрделі құрылыс және күрделі жөндеу қызметінің бастығы Жанат Исагулов.

Әкімшілік ғимаратта асхана, инженерлік-техникалық қызметкерлерге арналған қызметтік бөлмелер, мәжіліс залы, медициналық пункт және демалыс бөлмесі қарастырылған. Мұның барлығы  қызметкерлерге компания тарапынан әлеуметтік жайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда.






Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер