KZTO 830,85 (-0,02%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,85 (-0,02%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Балалар өрт сөндіру бөліміндегі «Ашық есік» күніне қатысты

 17.06.2024    795
Құлсары мұнай құбыры басқармасы қызметкерлерінің балалары Құлсары қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есік» күніне қатысты. 

Құлсары МҚБ Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімі ұйымдастырған шараға 5-14 жас аралығындағы 20-ға жуық бала қамтылды. №2 өрт сөндіру бөлімінің қызмектерлері балаларға өрт сөндіруге арналған арнайы техника, авариялық-құтқару жарақтары мен жауынгерлік киімдерді таныстырды. Балалар өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін киіп, арнайы машиналарына отырып көрді.

Өрт сөндірушілердің бір күнімен таныс болған балалар,  өрт сөндіру көлігіне қанша су сиятынын және өрт кезінде су қорының қанша уақытқа жететініні туралы сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

«Ашық есік» күнінде балалар өрттің қасіреті мен қаупі, өрт кезіндегі қауіпсіздік талаптарына қанықты. Осылайша балалар өрт сөндіру бөлімінен тың да әсерлі танымдық тәлім алып шықты.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер