KZTO 830,85 (-0,02%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,85 (-0,02%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз еткен жұмысшылардың отбасына алғыс хаттар табыс етілді

 18.06.2024    802
«ҚазТрансОйл» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау және қоршаған ортаның жағдайын жақсартудың 2024-2027 жылдарға арналған Жол картасы бойынша түрлі іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі  - еңбек және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше үлес қосқан жұмысшылардың отбасына алғыс білдіру және әріптестерге мотивация беру қарастырылған.

Осыған орай, Шымкент мұнай құбыры басқармасының ұжымы өзінің кәсіби міндетін адал атқарып, өзге қызметкерлердің өндірісте қауіпсіз жұмыс жүргізуіне үлкен үлес қосқан біршама жұмысшыларды марапаттады. Атап айтқанда, «Шымкент» ҚТП операторы Әділ Әлтен,  «Шолаққорған» БМАС және «Жуантөбе» МАС БӨАжА слесарлері Самат Жүсіпбеков пен Сәкен Болтаев, «Шағыр» МҚП тауар операторы Абай Айсекенов, ТАҚП желілік құбыршысы Қанат Құдайбергенов, «Шымкент» БМАС және «Созақ» МАС электрмонтерлері электрмонтері Дидар Құлтасов пен Мағжан Қошақан және ШМҚБ ӨҚБ бастығы Қарабек Баймаханов.

Шымкент мұнай құбыры басқармасының бастығы Асқар Карибаев ұжымның атынан көп жыл өндірісте ешқандай апатқа жол бермей еңбек етіп келе жатқан Өндірістік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Қарабек Баймахановқа алғыс хатты табыс етті. Сонымен қатар, басқармаға қарасты өзге станция басшылары да қарамағындағы марапатталған жұмысшылар мен олардың отбасыларына алғыс хаттарды тапсырды.  

Алғыс хатта «Әріптесіміздің жетістігі ұжымның да ортақ мақтанышы деп санаймыз. Біз әрбір әріптесіміздің артында арқа сүйейтін отбасы тұрғанын білеміз. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес. Отбасы – қоғамының діңгегі, барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Осыған байланысты, әріптесіміз ұжымның жетістіктеріне қосқан үлесі үшін басқарманың атынан Сіздің отбасыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ұрпақтарыңызға бақ-береке, зор денсаулық тілейміз!» делінген.





 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер