KZTO 830,85 (-0,02%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,85 (-0,02%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Алматыда Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының (ХМТҚ) XXII отырысы өтті

 20.06.2024    841
Бүгін Алматыда Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы (ХМТҚ) Басқармасының XXII отырысы өтті.

Отырыста күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі ХМТҚ-ның 2023 жылғы жылдық есебін, оның ішінде жылдық қаржылық есептілікті және ХМТҚ-ның 2023 жылғы аудиторлық есебін бекіту болды. Сондай-ақ, 2019 жылы құрылған «Магистральдық құбыр жүйелерін тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалану» тұрақты сараптамалық тобының қызметі туралы жыл сайынғы есеп ұсынылды.

Осы уақытқа дейін ХМТҚ шеңберінде тұрақты негізде төрт сараптамалық топ жұмыс істеді – олар заң мәселелері бойынша және энергия тиімділігі, мұнай жеткізу және мұнай құбырларын пайдалану.

Бүгін ХМТҚ қатысушылары тәуекелдерді басқару бойынша жаңа тұрақты сараптамалық топ құру туралы маңызды шешім қабылдады. Сондай-ақ, отырыс барысында мүше компаниялардың өкілдері келесі «Үздік маман» халықаралық конкурсының өткізу кезеңін белгіледі. Мұнайқұбыршылардың дәстүрлі байқауы 2025 жылы «Транснефть» ЖАҚ-тың Тюмень қаласындағы өндірістік нысандарында өтетін болды. 

Сонымен қатар, кездесу барысында халықаралық салалық іс-шараларға қатысу, жастарды оқыту және орта техникалық менеджмент және басқа да жұмыс мәселелері қаралды.




ХМТҚ 2013 жылы Чехияның Прага қаласында халықаралық ерікті, коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйым ретінде құрылды. Оның мақсаты мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын қауымдастық мүшелерін қолдау, сондай-ақ қызметтің неғұрлым қолайлы жағдайларын жасау үшін қауымдастық мүшелерінің күш-жігерін тиімді үйлестіру.

2015 жылдан бастап »ҚазТрансОйл» АҚ Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының (ХМТҚ) қатысушысы болып табылады. Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының құрамына 11 компания кіреді: «МЕРО ЧР» АҚ (Чехия Республикасы), «Транснефть» ААҚ (Ресей Федерациясы), «Транспетрол» АҚ (Словакия Республикасы), «Гомельтранснефть - Дружба» ААҚ (Беларусь Республикасы), «МОЛ» АҚ (Венгрия), «ҚазТрансОйл» АҚ» (Қазақстан Республикасы), Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (Қытай Халық Республикасы), «Укртранснафта» АҚ (Украина), JANAF (Хорватия Республикасы), «ТРАНСНАФТА» АҚ Панчево (Сербия),«Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ.
 
Серiктестер