KZTO 814,04 (-0,36%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,04 (-0,36%)

«ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы Қиғаш өзеніне бекіре тұқымдас балығының 23,6 мың жас шабақтарын жіберді

 16.09.2024    1218
Табиғатты жауапкершілікпен пайдалану қағидаларын негізге ала отырып, «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС (қатысу үлесінің 100%-ы «ҚазТрансОйл» АҚ-ға тиесілі) Қиғаш өзеніне бекіре тұқымдас қорытпа балығының жас шабақтарын жіберді.

Қиғаш өзеніне 23,6 мың қорытпа балығының жас шабақтарын жіберу шарасы Каспий теңізі мен оның жағалау аймағындағы биологиялық түрлерді сақтау мақсатында іске асып отыр.

Қорытпа балығының шабақтарында Қиғаш өзені ихтиофаунасына қауіп төндіретін жұқпалы және паразиттік аурулардың жоқтығына көз жеткізу үшін, олар алдын-ала тексерістен өтті.

Қиғаш өзенінің балық ресурстарын толықтыру жұмысы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылды.

«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының меншік иесі және Атырау, Маңғыстау облыстарының тұрғындарына, мұнай-газ өндіру және өзге де өнеркәсіп кәсіпорындарына су беру үшін Қиғаш өзенінен су тартып, таратады.
 
Реакция:
Серiктестер