KZTO 848,80 (+0,69%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 848,80 (+0,69%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Тұяқбай Бекібаев «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы болып тағайындалды

 11.08.2022    487
Атырауда «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы»  ҚБ кеңейтілген конференциясы өтті. Оған «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Сұлтан Қалиев, «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің кәсіптік одағы»  Қоғамдық Бірлестігінің Атырау облысы бойынша төрайымы Салтанат Рахимова, «ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Қошанов, сондай-ақ компанияның 7 бастапқы кәсіподағының делегаттары қатысты.



Кеңейтілген конференцияда кәсіподақ делегаттары «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы етіп Тұяқбай Бекібаев пен оның Батыс және Оңтүстік-Шығыс өңірлері бойынша орынбасарларын - Амандық Ақшин мен Нелли Пфейферді тағайындауды бірауыздан мақұлдады.



«Енді біздің компанияда 7 кәсіподақтың орнына 1 кәсіподақ болады. Бұл бізге жұмыс берушімен жедел өзара іс-қимыл жасауға, ұжымдық шарт бойынша ұсыныстарды тез және сапалы пысықтауға мүмкіндік береді, бұл өте маңызды. Осылайша, біздің одақ күшейе түседі және әділетті болады», - деді Нелли Пфейфер.



Конференция барысында ҚазТрансОйлдың алғашқы қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшылары Қазақстан мұнай-газ кешені салалық кәсіптік одағының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер